9 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық болады
Кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +16...+21°C болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +33...+38°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +17...+19°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз қатты ыстық болып, сынап бағанасы +35...+37°C-қа жетеді. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі.