Павлодар облысында келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылдау жүріп жатыр

Павлодар облысында келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылдау жүріп жатыр
Фото: Константин Шелков

Үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

6679 әскери бөлімінің хабарлауынша, келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды қабылдау басталды.

18 бен 32 жас аралығындағы үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматты болу;
  • Білімі болуы;
  • Денсаулығы бойынша жарамды болу;
  • Мерзімді әскери қызметтен өту.

Сондай-ақ, келісімшартқа сәйкес әскери қызметшілер  қамтамасыз етіледі:

  • Тұрақты жалақы;
  • Әскери киім-кешек;
  • Отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй төлемдерімен.

Анықтама телефоны: 8 (708) 807-48-81.