Аққулыда ақ жаулықты аналар дауыс берді

Аққулыда ақ жаулықты аналар дауыс берді
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

«Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері жерлестерін дауыс беруде белсенді болуға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қоғамдық бірлестіктің мүшелері Аққулы ауданындағы 349 участікте өз таңдауларын жасаған.

- Біз «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері еліміздің жарқын болашағы үшін сенімді түрде таңдау жасадық. Жаңа Конституция – бұл елдің алдағы жылдарға арналған орнықты дамуының саяси тұғырнамасы, - деді ақ жаулықты аналар.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының және қаласының Құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаев дауыс беруге алғашқылардың бірі болып барып, өз таңдауын жасаған болатын.