Кенже Кеңесбаев: Әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы маңызды
Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып Павлодар облысының Құрметті азаматы келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының және қаласының Құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаев бүгінгідей айтулы күнде әр адамның дауысы маңызды екенін атап өтті.
- Бүгін республикалық референдумда өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды сәттер еліміздің болашағы мен дамуына тікелей әсер етеді. Әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы маңызды деп есептеймін, - деді ол.
Еске сала кетейік, облыстың барлық ауданында және қалаларында таңғы жетіден бастап 520 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.