Аққулыда тіл білімінің атасы жайлы мазмұнды мәліметтер ұсынылды

Аққулыда тіл білімінің атасы жайлы мазмұнды мәліметтер ұсынылды
Фото: Аққулы ауданының әкімдігі ұсынды

«А.Байтұрсынұлы ғибратындағы тіл білімінің орны» аудандық конференциясы екінші жыл ұйымдастырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz

Аталмыш шара бұл жолы «Тарихи мұра» кабинетінде облыстық «Ана тілі» орталығының қолдауымен, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп өткізілді. Оған аудан бойынша белсенді жастар, тіл жанашырлары, мәдениет саласының қызметкерлері, мектеп кітапханашылары мен оқушылары және «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ мүшелері қатысты. 

Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған – атасы Шошақ. Ол қолына фотокамера ұстап, өз дәуірінің сан алуан қайталанбас тылсым сәтін қаз-қалпында суретке түсірумен айналысқан. 1910 жылы сенімді серіктері Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлымен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарған.

Шараның мақсаты – тіл білімінің атасы Ахмет жөнінде мазмұнды мәліметтерді ұсына отырып, тыңдаушылардың патриоттық сезімін ояту, жастар бойына рухани байлық сіңіру, – дейді ұйымдастырушылар. 

Конференцияда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілі Ержан Төкенов, «Қазақ тілі»  қоғамы ҚБ мүшесі Майгүл Адильшенова, аудан өлкетанушысы Төлеген Шакарманов баяндама жасады. 

Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ еліне аманат етіп қалдырған құнды мұрасы – тіл білімі, тіл саясаты және Аққулы өлкесінің қасиетті жерлері жөнінде мазмұнды мәліметтер айтылды.