Ақпанда Павлодар облысында -35 градусқа дейін аяз болады
Айдың орташа ауа температурасы -12,2...-16,3°С көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, айдың бірінші онкүндігінде сынап бағанасы түнде -13...-18°С, облыстың солтүстігінде -23°С, ал оңтүстігінде +2°С-ты көрсетеді. Күндіз -7...-12°С-тан -0...+5°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Қыс мезгілінің соңғы айының ортасында ауа температурасының түнде -27...-32°С-қа дейін, облыстың шығысында -35°С, күндіз -17...-22°С, облыстың солтүстік-шығысында -25°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжанады.
Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде -27...-32°С-тан, шығыста -35°С-тан -8...-13°С-қа дейін, күндіз -17...-22°С-тан, солтүстік-шығыста -25°С-тан -4...-9°С-қа, ал облыстың оңтүстігінде -1°С-қа дейін түседі деп күтілуде.
Бір айда жауын-шашын мөлшері нормадан көп түседі деп күтілуде (норма: 10-15 мм).
Ақпанның басында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Бүкіл ай бойы боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.