Ақсу маңында өрттің орман қорына таралуына жол берілмеді

Ақсу маңында өрттің орман қорына таралуына жол берілмеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дереу шақыруға шыққан өрт сөндірушілер үш өрт ошағын анықтады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жергілікті жерде ТЖД, ЖҚМ, ЖАО күштері мен құралдары, ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмыс істеді. Барлығы 55 адам және сегіз техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, ұшу аппаратының көмегімен барлау жұмыстары жүргізілді. 

Өрт болған жер арал тәріздес болғандықтан, өрт сөндіру көліктері өте алмай, сөндіру жұмыстары қиындай түсті. Жүзу құралдары қолданылды. Жаяу жүріп сөндірілді, – дейді департаментте.

Өрт сөндірушілер мен басқа да қызметтердің үйлесімді және тиімді әрекеттерінің нәтижесінде өрттің орман қорына таралуына жол берілмеді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өрт 21.20-да 45 га алаңда ауыздықталды.

Өртті толықтай жою бойынша шаралар қабылдануда.