Ақсуда Багаевтың бірегей фото жұмыстары көрсетіледі

Ақсуда Багаевтың бірегей фото жұмыстары көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрме Павлодар-Ертіс өңірінің өлкетанушысы және шежірешісінің 140 жылдығына орайластырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

23 тамыз сағат 11:00-де Ақсу тарихи-өлкетану мұражайында Дмитрий Багаев пен Евгений Клодт экспедициясының нәтижелері бойынша «Казахский народный орнамент» фотокөрмесі ашылады.

– Фотосуреттер көшпелі өмір салты жағдайында қалыптасқан қазақ өнерінің ерекшеліктерін көрсетті: кілемдер, қабырғадағы киіздер, аппликациялық киіздер, өрнекті киіз сөмкелер, ағаш сандықтарға арналған қаптамалар. Киіз үйлердің қабырғаларын жылы болу ішін кілемдермен жапқан және олар үйдің басты безендірілуі болды, – деді мұражайда.

Багаев пен Клодттың қазақ даласындағы экспедициядағы бірлескен жұмысының нәтижесі 1939 жылы Мәскеуде жарық көрген «Казахский народный орнамент»  альбомына енген ою-өрнектердің эскиздері болды.

Ақсу музейінің экспозициясына Дмитрий Багаевтың 25 жұмысы, оның ішінде «Вечерный аул» (1911), «Перед кочевкой» (1912), «Аул на жайлау» (1913) және басқалары кіреді.