Ақсуда екі шағын ауданда электр желісі өшірілді
Зақым 10 кВ кабельдік желіде тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, энергетиктер жақын арада электр желісін қалыпқа келтіреді.
24 наурызда сағат 22:40-та қаланың 14 және 15 шағын аудандарында электр қуаты апатты түрде сөндірілді.
«25 наурыз күні сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Ақсу электр желілерінің бригадасы зақымдану орнын анықтап, жер жұмыстарын жүргізуге кірісті. Зақымдалған учаскені кесіп, жөндеуде», - деді әкімдікте.
Электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарын сағат 14:00-ге дейін аяқтау жоспарлануда.