Ақсуда экс шенеунік пен мердігер мемлекетке ірі көлемде залал келтірді
Бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ысырап ету ісін қалалық ауданаралық сот қарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылғы 3 қазанда Ақсу қаласының мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын талан-таражға салу ісі бойынша үкім шығарды.
Айыпталушылар қатарында Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер компанияның өкілі болды. Екеуі де жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Бұл сот процесі көрсетілімдік сипатқа ие болып, оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Еске сала кетсек, бұған дейін, 2024 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актілерінің заңсыз қол қойылғанын анықтаған болатын.
Алдын ала тергеу барысында арнайы прокурорлар мемлекетке 290 миллион теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.