Ақсуда көлік жүргізушісі адам қағып кетті

Ақсуда көлік жүргізушісі адам қағып кетті
Фото: Константин Шелков

ЖКО салдарынан жаяу жүргінші медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, М.Әуезов көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде «ВАЗ-201061» маркалы автомашинаның жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жүгінді. Тексеруден кейін үйге жіберілді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды, – деді департаментте.

Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай облыс орталғында да орын алған болатын. Н. Назарбаев даңғылы бойында «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.