Ақсулық полицейлер мас жүргізушелрмен күресуде

Ақсулық полицейлер мас жүргізушелрмен күресуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Істер сотқа жолдануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қарабай ауылының маңындағы автожолда патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері «КамАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушіде есірткі мас болу белгілері анықталды.

– Тәртіп сақшылары ер адамды дереу медициналық мекемеге куәландырудан өту үшін жеткізді. Онда оның есірткі мас күйінде екендігі расталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал сотқа берілді, – деп хабарлайды Ақсу қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Полиция тұрғындарды жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Егер сіз мас күйіндегі адамның көлік жүргізгісі келетініне немесе көлік жүргізіп жатқанына куә болсаңыз, «102» телефон нөмірі бойынша хабарлаңыз.