Ақсулық спортшы әлемдік біріншілкте күміс жүлдегері атанды

Ақсулық спортшы әлемдік біріншілкте күміс жүлдегері атанды

Дүниежүзілік жазғы гимназиадада Қазақстанның туы көкке көтерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы Достық ауылдық округіне қарасты Береке ауылының тумасы Жанарбек Хуанышұлы Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамда аяқталған Дүниежүзілік жазғы гимназиадада күміс жүлдегер атанды. 

– Әлемдік біріншілкте Қазақстанның атынан боксшы 63 келі салмақ дәрежесінде жүлделі екінші орынға ие болды. Украина, Армения және Әзербайжаннан келген спортшылармен үш финалдық жекпе-жекті ойдағыдай өткізді,– деп жазды Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Әйгерім Әбенова Istagram парақшасында. – Спортшымызды және оның жаттықтырушысы Ансаған Райды дүниежүзілік біріншілікте табысты өнер көрсетуімен құттықтап, алда жаңа жеңістер тілейміз!

Бокстан 17 ел қатысты.  Жалпы гимназиадада спорттың барлық түрлері бойынша 71 елден 5400 спортшы қатысып, бақ сынады. 

Жарыстың салтанатты ашылуында Жанарбекке Қазақстан Республикасының туын көтеру мәртебесі бұйырды.