Өткен аптада қазақстандық спортшылар қандай жеңістерге жетті?

Өткен аптада қазақстандық спортшылар қандай жеңістерге жетті?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР Туризм және спорт министрлігі алты спорт түрінен болған жарыстардың нәтижесін жария етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Дзюдо

Аустрияның Линц қаласында мәресіне жеткен әлемдік Гран-при кезеңінде 48 келі салмағында өнер көрсеткен Әбиба Әбужақынова финалда 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңді.

Пара шаңғы

Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды.

Шахмат

Гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде қола медалін жеңді.

Спорттық гимнастика

Әзербайжан астанасы Бакудегі Әлем кубогі кезеңінде Дмитрий Патанин мен Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізсе, Зейнолла Ыдрысов қола медаль еншіледі.

Слаломды ескек есу

Таиландтың Паттайя қаласындағы THAILAND OPEN халықаралық рейтингтік турнирінде қазақстандық спортшылар бір алтын, екі қола жүлдеге ие болды.

Футзал

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу турниріндегі кезекті ойынында Албанияны 4:2 есебімен жеңді.