Ақтоғай ауданыңда темекі тұқылын жерге тастаған тұрғын жазаланды

«Жедел басқару орталығы» үлгісінде полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелерін жабдықтау және толықтыру жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жоба аясында аудандық және қалалық полиция бөлімшелеріне аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылуда. Бүгінгі күні мұндай орталықтар облыстың барлық аудандары мен қалаларында жұмыс істейді. Жоба – құқықтық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күрес жолындағы маңызды қадам. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне деген халықтың сенімділігін арттыратын жаңа мүмкіндік.
Ақтоғай ауданы полиция бөлімі бастығы Жандос Айтмұхамбетовтың сөзінше, бейнекамераларды орнату – бұл тек бақылау емес, сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жоба аясында Ақтоғай ауданыңда 115 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
– Жедел басқару орталығының операторы Ақтоғай ауылының тұрғыны қоғамдық орында темекі шегіп, қалдықты жерге тастағаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Барлық құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді полиция бөлімінің бастығы.
Осы орайда аудандық полиция қызметкерлері азаматтарды өз әрекеттеріне мұқият әрі жауапты болуға шақырды.