Абаттандыру қағидасын бұзған павлодарлық жауапқа тартылды

Абаттандыру қағидасын бұзған павлодарлық жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол қоқысты рұқсат етілмеген жерге төккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Ұзақ бұзақылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Тәртіп сақшылары жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған бейнежазба бойынша тексеру жүргізді. Онда жүргізушінің құрылыс қалдықтарын төгіп жатқаны анық көрініс тапқан. 

— Аталған бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері Газель автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі КазПравда және Парковая көшелерінің қиылысында қоқысты рұқсат етілмеген жерге төккенін анықтады. Жүргізуші абаттандыру қағидаларын бұзғаны және тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері қоғамдық орындарды ластаған және аумақтарда абаттандыру қағидаларын бұзған 2125 құқық бұзушыны жауапқа тартты.