Аманаттықтар павлодарлық аурухананың жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Медициналық нысанда орнатылған есік материалдарының сапасы онша емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлауалды бағдарламасының жол картасы объектілерінің мониторингі шеңберінде партиялықтар қазіргі уақытта негізгі стационардың үш қабатына күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №3 Павлодар қалалық ауруханасына барды.
– Жұмыстар ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталған. Қабаттардың бірінде бөлшектеу, монтаждау, сантехникалық, әрлеу жұмыстары жүргізілді, атқарылған жұмыстың жалпы пайызы 25% құрайды. Мердігер ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жөндеуді аяқтауға ниетті, – дейді тапсырыс берушілердің, авторлық, техникалық қадағалау және қосалқы мердігерлік ұйым мамандары.
Медициналық мекеменің мониторингі барысында партиялықтар бірқатар елеулі кемшіліктермен мен ескертулерді атап өтті. Мәселен, орнатылған есік материалдарының сапасына қатысты сұрақ туындады.
– Есіктер өте нәзік көрінеді, бұл жұмыс кезінде елеулі қиындықтар мен қолайсыздықтар тудыруы мүмкін. Аурухана бөлімшелерінде медицина қызметкерлері жоғары концентрациясы бар арнайы бактерияға қарсы агенттермен тұрақты санитарлық емдеу жүргізеді. Есіктің сыртқы қабат жабыны төтеп бере алмауы және тозуы мүмкін, – деп атап өтті депутаттар.
Оң мысал ретінде мониторингтік топ мүшелері Г.Султанов атындағы облыстық аурухананы келтірді. Онда мердігерлер бөлінген қаражатқа алюминий есіктерін орнатып, жарық түсіріп, плитка салып, тағы басқа шаруалар жасалынған.
– Өкінішке орай, қазір нысандағы жағдай қанағаттанарлық емес. Қайта жөндеу мен түзетулерді болдырмау қажет, өйткені болашақта қаржыландыру жаңартуды қажет ететін басқа да медициналық мекемелерге бағытталуы тиіс, – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Айгүл Маликова.
Мониторинг қорытындысы бойынша депутаттар нысанға тағы да баруға, мердігер ұйымның басшылығымен кездесуге және кемшіліктердің түзетілуін бақылауға уәде берді.