Асайын Байханов өңір тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі ізгі тілегін Instagram әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қадірлі жерлестер! Сіздерді мұсылмандардың басты мерекелерінің бірі - Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де ұлық мереке – исламның жоғары мұраттарын, мейірімділікті, жақсылықты және жақынына деген қамқорлықты бейнелейді, – деді өңір басшысы.
Ол бұл адамгершілік құндылықтар қай кезеңде де адамдардың жақындарына көмек қолын созуға, игілікті істер жасауға, басқа ұлттың өкілдерімен татулықты сақтауға көмектестінін атам өтті. Бұл біздің көпұлтты облысымызда әрқашан болды, бар және үлкен құндылық болып қала бермек.
Асайын Байханов осы қасиетті күндерде жасаған ізгі амалдар мен игі ниеттер, шалған құрбандықтар мен дұға-тілектердің қабыл болуын және мықты денсаулық, баянды бақыт, әрбір шаңыраққа құт-береке, игі бастамаларға табыс, татулық пен келісім тіледі.