Асайын Байханов Абай облысында көз жұмған орманшылар отбасыларына көңіл айтты
Облыс әкімі Instagram желісінде бұл туралы арнайы пост жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
- Өрттің салдарынан азаматтық және кәсіби міндеттерін адал және батыл орындай отырып, өртті тоқтату үшін қолдарынан келген барлық шараларды жасаған 14 адам қаза тапты. Өмірлерін орман ісіне арнаған адал адамдар қайтыс болды, - деп жазады Асайын Байханов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жазба соңында өңір басшысы қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, Павлодар облысы жан-жақты қолдау мен көмек көрсететінін айтты.
Айта кетейік, облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Абай облысында орын алған өртті жою бойынша жұмыстарға көмектесу үшін Павлодар облысының ТЖД арнайы мамандандырылған техникалары мен мамандары жіберілді.
Сондай-ақ, өрт салдарынан зардап шеккен Абай облысының тұрғындарына қажетті гуманитарлық көмек те көрсетілетін болады.
Қазақстанда 12 маусым Абай ауданындағы «Семей орманы» өртінде қаза тапқандарды еске алу үшін жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.