Асайын Байханов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Облыс әкімі павлодарлық аграршылар мен азық-түлік өндірушілер биылғы мейрамды лайықты қарсы алуда деп санайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының әкімі адамзат тарихында азық-түлік сумен бірге біздің өмір сүруіміздің басты кепілі болып қала беретінін атап өтті.
Оның сөзінше, сол себептен ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні маңызды мерекелердің бірі болып табылады.
Биыл Ертіс өңірінде 1,1 миллион тонна астық жиналды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп. Сондай-ақ өңіріміз бұл салаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр.
- Павлодар өнімінің үлесі тек өзімізде ғана емес, көрші нарықта да қарқынды өсуде. Ең бастысы олар өте дәмді әрі жоғары сапаға ие. Басқаша айтқанда, дастарханымыздың берекелі болуы, аймақ халқын пайдалы, дәмді тамақпен қамтамасыз етілуі - павлодарлық фермерлер мен оны қайта өңдеумен айналысатын сала қызметкерлері еңбегінің жемісі. Сондықтан Сіздерге көп рақмет! - деп құттықтады Асайын Байханов жеке парақшасында.
Кәсіби мерекеге орай Асайын Байханов осы сала қызметкерлеріне зор денсаулық, бай-қуат, береке, таусылмас табыс тіледі.