Асайын Байханов: Біз барлық ҮЕҰ-мен ынтымақтасуға дайынбыз
Асайын Байханов өңірдегі ҮЕҰ-ың өкілдерімен кездесіп, Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс әкімдігі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтеді.
- Бүгінгі ең белсенді ҮЕҰ-мен кездесу - сіздерді толғандыратын мәселелерді талқылау және ұсыныстарыңызды тыңдау үшін жақсы мүмкіндік. Өңірде экология, еріктілік, жастар бастамаларын дамыту бойынша бейінді пул қалыптасты. Біз барлық ҮЕҰ-мен ынтымақтасуға дайынбыз, - деді облыс әкімі.
Кездесуге қатысушылар азаматтық сектордың мемлекет өміріне қатысуы жөнінде пікір алмасты. Светлана Могилюк Азаматтық альянс қауымдастығының жобалары туралы айтып берді. Еріктілер қозғалысын дамыту туралы өз көзқарасымен Гүлнәр Исаканова да бөлісті. Жастардың ҮЕҰ жұмысы туралы Ризат Рахымжанов, Жұлдыз Малдыбаева айтып берді.
Асайын Байханов үкіметтік емес ұйымдардың барлық өкілдеріне, еріктілерге, қиын кезеңде адамдарға көмек көрсететіндердің бәріне алғысын білдірді. Азаматтық қоғамның дамуына үлес қосқан ең белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өңір басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев