Асайын Байханов келесі футбол маусымынан не күтеді?

Асайын Байханов келесі футбол маусымынан не күтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ертіс» футбол клубын ірі инвестордың қарамағына беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Павлодар облысының әкіміне Bestnews.kz бас редакторы Жанар Сердалина сұрақ қойды. Журналист «Ертіс» клубының болашағына қызығушылық танытты.

– Объективті түрде айтатын болсақ, біз клубты 2024 жылы қайта жандандырдық, Екінші лигаға қатысуға өтініш беріп, сол сәттен бастап-ақ бірінші орынды иелендік. Биыл Бірінші лигада екінші орын алып, Премьер-лигаға қайта оралдық. Яғни, біз деңгейі төмен екі лигада да өз көшбасшылығымызды дәлелдедік, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, осы мақсатта бапкерлер штабын және команда құрамын күшейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Ертіс» футбол клубын жекешелендіру бойынша бірнеше ірі инвестормен келіссөздер жүргізілуде.

– Иә, «Ертіс» – бай тарихы бар клуб, ал деңгейдің өсуі бізден соған сай жұмысты талап етеді. Біз клуб кем дегенде оныншы орыннан төмен түспейді деп күтеміз. Алайда мен «Ертіс» алғашқы сегіздіктің қатарына енуі тиіс деп сенемін, – деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, қаржылық қиындықтарға байланысты 2020 жылы «Ертіс» Қазақстан чемпионатынан шығарылып, іс жүзінде жұмысын тоқтатқан еді. Асайын Байхановтың және футболды сүйетін бір топ жанашыр азаматтардың бастамасымен клуб 2024 жылы қайта жанданды. 2026 жылы «Ертіс» қазақстандық футболдың элиталық дивизионы – Премьер-лигада өнер көрсетеді.