Павлодарда ақын Ольга Григорьеваның фотокөрмесі ашылады

Павлодарда ақын Ольга Григорьеваның фотокөрмесі ашылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық Торайғыров атындағы кітапхананың «Айна» галереясында  «Ғаламның қабығында…» атты фотокөрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көрмеде автордың Қазақстан, Ресей, Беларусь, Черногория, Франция және өзге де елдерге жасаған сапарлары барысында түсірілген фотожұмыстары мен өлеңдері ұсынылады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, павлодарлықтарды поэзия мен фотосурет үйлескен ерекше рухани кездесу күтуде. Іс-шара 18 желтоқсан, сағат 15:00-де басталады. 

Айта кетейік, Ольга Григорьева – балаларға арналған кітаптар мен поэзиялық жинақтардың авторы. Ұзақ жылдар бойы «Звезда Прииртышья» газетінде еңбек еткен. Сондай-ақ Павлодар қаласындағы Анастасия Цветаева музейінің негізін қалаушылардың бірі.