Асайын Байханов: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің ортақ қазынамыз

Асайын Байханов: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің ортақ қазынамыз
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімі аймақ тұрғындарын ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл біздің ортақ қазынамыз, мәдениет пен дәстүрге, оның тарихына деген құрмет көзі болып табылады. Біздің рәміздерімізде жоғары құндылықтар – бейбітшілік, бірлік, келісім бейнеленген. Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз биікте желбіреген сәтте жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік сезімдері кернейді, – деді аймақ басшысы. 

Облыс әкімі тұрғындарды осынау айтулы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, жақсылық пен амандық тіледі.

– Тәуелсіз еліміздің рәміздеріне деген мақтаныш сезімі әрдайым жүрегімізде болсын. Отанға, туған өлкеге деген шынайы махаббат ісіміз бен жұмысымызда көрініс беріп, жаңа жетістіктерге жетелесін! – деді Асайын Байханов.

Еске сала кетейік, 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран — Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі, ел дамуының ажырамас бөлігі.