Асайын Байханов павлодарлықтарды Ораза айтпен құттықтады

Асайын Байханов павлодарлықтарды Ораза айтпен құттықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгін күллі мұсылман үшін Ораза айт басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесімен құттықтады.

- Бұл - рухани тазару, мейірім мен қайырымдылыққа толы ерекше кезеңнің қорытындысы. «Жақсылық жасаудан жалықпа, өйткені жақсылық - жүректің нұры» дейді халық даналығы. Осы күндері өңір тұрғындарының кең пейілі, жанашырлығы мен бір-біріне деген қолдауы айрықша көрініс тапты. Ораза айт әр шаңыраққа қуаныш пен береке әкелсін! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, әр отбасына амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін. Барша тілектеріңіз бен дұғаларыңыз қабыл болсын, - деді Асайын Байханов.

Сөз соңында елдегі бірлік, өзара сыйластық пен қамқорлық әрдайым сақтала беруін тіледі.

Ораза айт қабыл болсын!