Асайын Байханов Шарбақты ауданындағы мектептің электр жүйесін дереу реттеуді тапсырды
Облыс әкімі Шарбақты ауданының Хмельницкий ауылындағы мектепті жөндеу жұмыстарын тексеріп шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл аталған ауыл мектебінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша мектепке жөндеу жүргізілуде, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда, кентішілік жолдар жаңартылуда.
Мектептегі жұмыстар 85% орындалды.
Мердігерге 1 қыркүйекке дейін оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдай жасау міндеті жүктелді.
– Нысандағы электрмен жабдықтау жүйесін орнату мүлдем ұнамады: кейбір жерлерді жай ғана бұрап, пластикалық қақпақтармен жаба салған. Өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына қайшы келетін барлық ақауларды шұғыл түрде түзетуді тапсырдым, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Ауданы 922 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін қазан айының соңына дейін тапсыру жоспарлануда. Ал, тамыз айында 2,7 км кентішілік жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұрын бұл жұмыстарға шағымдар түскен, бүгінде анықталған ақаулар жойылды. Мердігер алдағы уақытта өз жұмысында кемшіліктерге жол бермеймін деп уәде етті.
Облыс әкімі аудан басшылығына жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ете отырып, осы жобаларды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram