Асайын Байханов шыбын-шіркейге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады
30 сәуірден бастап өңірде маса мен сонаға қарсы авиациялық өңдеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында Ертіс жайылмасында дезинсекциялық шаралар белсенді түрде жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Павлодар, Ақсу қалалары мен Павлодар ауданында арнайы өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.
– 30 сәуірден бастап Павлодар, Ақсу қалалары мен Павлодар ауданы аумақтарында авиациялық өңдеу жүргізілуде. 1 мамырдағы жағдай бойынша биологиялық препарат қолданылып, 49 ұшу жүзеге асырылды. Ертіс өзенінің сол жағалауында (негізгі арна мен жылы ағыс арасындағы Жұмысшы аралы ауданында) жүргізілген тексеру барысында дернәсілдердің жоғары тығыздығы анықталды, яғни бір шаршы метрге тоғыз мыңнан астам, – деді аймақ басшысы.
Әкімнің айтуынша, шыбын-шіркейге қарсы күрес жұмыстары тұрақты түрде жалғасып, қатаң бақылауда болады. Тұрғындар қосымша ақпаратты @gnus.tabigat_pv парақшасынан алып, өз ұсыныстары мен шағымдарын да сол жерге жолдай алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram