Павлодар облысында көктайғақ пен желдің күшеюі күтілуде
Қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындардан сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «Қазгидромет» филиалының мәліметінше, 22 қарашада күндіз солтүстік пен батысында көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында секундына 15-20 метрге, ал облыстың солтүстігінде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Көктайғақ болған кезде жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ құлаудан түрлі жарақаттар алу ықтималдығы артады.Жолдарда жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жылдамдық пен қашықтықты сақтау қажет.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі жүргізушілерді жолда абай болуды, көлік жылдамдығын асырмауды сұрайды.