Асайын Байханов Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездеседі
Өңір басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Құрметті Тереңкөл ауданының тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Тереңкөл ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді. Баршаңызды тұрақты кездесуге қатысуға шақырамыз, - делінге хабарламада.
Кездесу 19 мамыр күні сағат 11:00-де Тереңкөл ауылының мәдениет үйінде өтеді.