Павлодарда жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 30-дан аса жұмыс беруші келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
25 қыркүйекте сағат 11:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында Еңбек күнін мерекелеуге орайластырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Бұл – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимыл платформасы. Іс-шара жас мамандарға жұмыс іздеуге көмек көрсетуге бағытталған және жұмыс берушілерге білікті қызметкерлерді табу мүмкіндігін ұсынады.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Павлодар облысының жұмыссыз жастарын жұмысқа орналастыруға бағытталған. Жәрмеңке аясында 30-дан астам жұмыс беруші өнеркәсіп, білім беру, қызмет көрсету, IT, сауда және өндіріс сияқты түрлі саладағы 200-ден астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынады.
Жәрмеңке жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей диалогтың ашық алаңы ретінде құрылады, онда жастар ұсыныстармен танысып қана қоймай, сол жерде тікелей әңгімелесуге де мүмкіндік алады. Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы елді және оның азаматтарын әлеуметтік тұрғыдан дамытуға, халықтың табысын арттыруға бағытталған.