Аспанбекке бұйырған темір тұлпар: Павлодарлық ақын айтыста бас бәйгеге ие болды

Жыр додасы қазақтың дүлдүлі Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс өңірінде өткен «Ертіс аясында» халықаралық айтысында павлодарлық Аспанбек Шұғатай дара шығып, бас бәйгеге тігілген автокөлікті жеңіп алды.
Айтысқа Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 12 ақын қатысып, сөз өнерінің өрелі биігін көрсетті. Кешегі күні басталған аламанның шешуші кезеңі бүгін этноауыл сахнасында өтті. Айтысты жүргізген – белгілі ақын Аманжол Әлтаев. Қазылар алқасына танымал қаламгер Ғалым Жайлыбай төрағалық етті.
Сахнада суырылып шыққан жүйріктердің арасында қарағандылық Дидар Қами көптің көңілінен шығып, бірінші орынды иеленді. Павлодарлық тағы бір ақын Рауан Қайдар екінші орын алды. Ал үздік үштікке Өскеменнен Серік Қуанған, Батыс Қазақстаннан Талғат Мықи, Моңғолиядан Хавдолла Бейісхан және Қырғызстаннан Асылбек Маратов енді. Арнайы жүлде алматылық Қазірет Бердіханға бұйырды.
Айтыс барысында ақындар елдік мәселелерді қозғап, ұлттық болмысты ұлықтады. Көрермен әр шумақтан астарлы ой мен шындықты танып, ақындарға қошеметін аямай, қол соғып отырды.
Аспанбек Шұғатайдың бұл жеңісі Павлодардың суырыпсалма өнердегі абыройын тағы бір мәрте асқақтатып, аймақтың айтыс мектебінің қуатын көрсетті.