Атамекен кентінің тұрғындары қаржылық сауаттылықты үйренеді

Атамекен кентінің тұрғындары қаржылық сауаттылықты үйренеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйренеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мәлімдеуінше, Halyk Bank-пен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының іске қосылғаны туралы жарияланды. Жоба шеңберінде оқытудан кез-келген кент тұрғыны өте алады:

  • кредиттер бойынша борыштары бар және борышкерлер тізіліміндегі азаматтар, ағымдағы қарыздары бар және олар бойынша мерзімін өткізіп алуы мүмкін азаматтар;
  • мемлекеттен және басқа да санаттардан жеңілдікті кредиттер алуға үміткер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.

Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржылық мәселелердің қалай қалыптасатынын, ағымдағы несиелік қарыздардың санын қалай азайтуға, алаяқтық әрекеттерді тануға болатындығын біледі. Жаңадан бастаған кәсіпкерлерге келетін болсақ, олар компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есептілігін ұсыну және қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады, – делінген хабарламада.

Оқыту бағдарламасы қаржылық мәдениетті арттыру бойынша дәрістерді ғана емес, сонымен қатар жыл бойы қаржылық жоспарлау және бюджетті басқару бойынша тегін кеңес беруді қамтиды.

Дәріс 19-23 ақпан аралығында Атамекен кентінің Сарыарқа көшесі 53/1 мекенжайы бойынша орналасқан Ж. Мұса атындағы мәдениет үйінде өтеді.

Өтінімдерді қабылдау телефоны: 33-73-17, 33-72-42, 33-72-07.