Павлодар облысы тас жолында үш көлік соқтығысты

Павлодар облысы тас жолында үш көлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы Ленин кенті - Курчатов тас жолында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан үш көлік зардап шекті. 

– Алдымен Mitsubishi Pajero көлігі Chevrolet Niva атокөлігімен қақтығысқан. Салдарынан бірінші көлік аударылып қалған. Кейін Chevrolet Niva автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі «Лада-Гранта» көлігімен соғылған. Зардап шеккендер жоқ, – деді департаментте. 

Жол-көлік апаты бойынша тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды.