Ақсу қаласында әйел кісі қолынан қаза тапты
Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - делінген хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.