Баянауыл ұлттық паркіндегі төрт күнге жалғасқан өрт сөндірілді

Баянауыл ұлттық паркіндегі төрт күнге жалғасқан өрт сөндірілді

Өрттің себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

14 шілдеде сағат 12:45-те Баянауыл ауданында, Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта өрт шыққан. Болжам боыйнша 800 гектар жерде құрғақ шөп жанып кетті. 

Павлодар облысының төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Баянауыл ауданындағы өртті 17 шілдеде сағат 19:50-де сөндірді. 

– Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 27 адам, 7 бірлік техника қатысты.  Сондай-ақ, өрт сөндіруге ЖЗҚ-дан 55 адам және 11 бірлік техника және жергілікті атқарушы органдардан 8 адам және 4 бірлік техника көмектесті, – дейді департаментте. 

Айта кетейік, тілсіз жау Қызылтау ауылынан  Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына өтіп кеткен еді. Сондай-ақ, өрт Долинское орманшылығындағы  20 гектар жерге көшіп және 115, 117, 118 кварталдарын қамтыды.

Фото: Константин Шелков