Ақсуда мемлекет және қоғам қайраткерінің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Ақсуда мемлекет және қоғам қайраткерінің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қуат Есімханов қаланың барлық тарихи өзгерістерінің басында тұрған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемориалдық тақта Ақсу қаласы әкімдігінің қабырғасында орнатылды. Оның салтанатты ашылуы рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов, қала әкімі Нұрлан Дүйсенбинов, Қуат Есімхановтың жақындары мен қала тұрғындары қатысып, гүл шоқтарын қойды.

Қуат Есімханов 1952 жылдың 18 желтоқсанында Май ауданында дүниеге келген. Ол өмір бойы халықтың игілігі үшін жұмыс істеген көрнекті тұлға.

1987-1996 жылдары Ермак аудандық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Ақсу аудандық әкімшілігінің басшысы, Ақсу ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Ол Ақсу өңірінің барлық тарихи өзгерістерінің бастауында тұрды. Ұлттық мәдениетті, руханилықты және тарихи әділеттілікті алғашқылардың бірі болып жандандыра бастады,– деді қала әкімі Нұрлан Дүйсенбінов.

Қуат Есімханов «Құрмет», «Парасат», «ҚР Құрметті теміржолшысы» ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ, ол Павлодар облысының Май ауданының, Ақсу қаласының құрметті азаматы.