Ақсуда қора мен ас үй өртенді

Ақсуда қора мен ас үй өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 05.26-да Калинин көшесі, 37 мекенжайы бойынша қора өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына келгенде кірпіш ас үйге жапсарлас салынған шаруашылық алаңның жалпы аумағы 200 шаршы метр төбесі жанғаны анықталды. 

– Жазғы ас үйдегі өртті сөндіру барысында сыйымдылығы 27 литрлік үш газ баллон, қорадан 50 литрлік үш оттегі баллоны сыртқа шығарылды. Сағат 06.40-та сөндіруге үш автоцистерна, үш қолмен өрт сөндіру оқпаны жіберілді, – дейді бөлімде.

Жалпы газ-түтіннен қорғау буынының үш буыны, №10 ӨСБ-нен екі буын, 12-өрт сөндіру бекетінен бір буын жұмыс істеді.  Қораның 100 шаршы метр төбесі опырылып түсті. 

Тілсіз жау сағат 06.41-де оқшауланып, сағат 07.54-те толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру қызметінен үш техника мен жеке құрамнан 15 адам қатысты. Сондай-ақ су таситын көлік, Ақсу су арнасынан бір техника жұмылдырылды. 

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.