Ақсуда құтқарушылар үшінші қабаттан ағашқа құлаған әйелді түсірді

Ақсуда құтқарушылар үшінші қабаттан ағашқа құлаған әйелді түсірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әйел аман қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді.

– Құтқарушылар үш буынды баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды,– делінген хабарламада. 

Тұрғындарды төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.