Павлодарлық көпбалалы ана сүйікті командасы үшін жеке басын тәуекелге тікті

Павлодарлық көпбалалы ана сүйікті командасы үшін жеке басын тәуекелге тікті
Фото: «Ертіс» ФК

Соған қарамастан сапар сәтті аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Наталия Рябоконь балаларымен бірге «Ертіс» футбол клубының әрбір матчына қатысуға тырысады, мейлі ол Павлодардағы ойын болсын яки кең байтақ Отанымыздың шалғай жерлеріне саяхат болсын. Наталия алты баланың анасы, бұрынғы спортшы.

– Менің балаларым футболды жақсы көреді және осы спорт түрімен айналысады, – дейді ол. – Біздің отбасымызда спорт үлкен құрметке ие, өзім жеңіл атлетикамен және регбимен айналыстым. Жастайымнан балаларымның бойына спортқа деген сүйіспеншілігін барынша насихаттадым. Балаларым Данил, Саша және Настя футболды таңдады, мен бұл жағынан оларды қолдаймын. Олардың менің спорттық жолымды жалғастырғанына қуаныштымын. Былтыр балаларым маған: «Мама, сырт алаңдағы матчтарға барайық» деді. Мен оларды қолдадым, содан бері біз өз командамыздың соңынан еріп келеміз.

Осы уақыт ішінде Наталия балаларымен Қазақстанның көптеген қалаларында болды. Өткен жылы «Ертістің» Бірінші лигаға жолдама алған Петропавлға сапары отбасының есінде ерекше қалды. Биыл Рябоконь отбасы бір-ақ рет сапар шекті, бірақ қандай десеңіздерші! Наталия балаларымен бұрыннан криминалымен атақты болған Таразға аттанды.

– Иә, Тараздағы криминал туралы білетінмін, бірақ бір сәт болмаса, бәрі ойдағыдай өтті, – деп еске алады алты баланың батыл анасы. – Жол қиын болды, бірақ саяхат қызықты болды. Матч кезінде бәрі тыныш болды: біз «Ертісті» қолдан келгенше қолдап айғаладық – бізге ешкім үндеген жоқ. Бірақ Руслан Есімовтың голынан кейін бәрі өзгерді. Командаларының жағдайына наразы тараздық футбол жанкүйерлері «Ертістің» санаулы жанкүйерлерін стадион трибунасынан қуып жібермек болды. Абырой болғанда, «Ертіс» қақпашыларының жаттықтырушысы Қазыбек Мәмиленов әйел мен оның ұлдарын қорғап шықты. Ол павлодарлықтардың голына ренжіген оңтүстіктің қызу жігіттерін тыныштандырды.

Ақырында, жерлестеріміз үшін бәрі тамаша аяқталды: Рябоконь отбасы мүшелері матчты өз орындарында тамашалап, «Ертістің» маңызды жеңісіне куә болды.

13 маусымда «Каспийге» қарсы өз алаңындағы ойыннан кейін павлодарлық футболшылар қайтадан оңтүстікке аттанады. 19 маусымда «Ертіс» сырт алаңда «Түркістанмен» ойнайды. Қазақстанның рухани астанасында «Ертіс» қолдаусыз қалмайды – Наталия балаларымен бірге туған командасына жанкүйер болады.