Ақсудың шағынауданында түнде су өшіріледі
Судың қашан берілетіні белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, 1 маусым күні түнде "Ақсу су арнасы" КМК мамандары Ақсу кентіндегі магистральды су құбырында ысырманы ауыстыру жоспарлануда.
- Осыған байланысты бүгін сағат 22:00 – ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін Ақсу кенті, Промышленная көшесі, промзона ГРЭС сумен жабдықтаудан ажыратылады, - делінген хабарламада.
Жұмыс барысы туралы ақпаратты 5-00-71 нөмірі бойынша білуге болады.