Таксисті пышақтап кетті: Павлодар полицейлері әлеужелідегі шок-ақпаратты тексерді
WhatsApp чаттарында жасөспірімдер көлікті ұрлап кету үшін такси жүргізушісін пышақтап кеткені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
30 қаңтардан бастап WhatsApp әлеуметтік мессенджерде видеомен бірге Павлодарда бір топ жасөспірім такси жүргізушісін пышақтап кеткені туралы ілеспе мәтін тарала бастаған. Видеоның авторы бұл қорқынышты жағдай Павлодарда болғанын жазған.
«42 жастағы жүргізуші қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Ал сегізінші сынып оқушысы мен лицей шәкірті тергеу изоляторында жауап беруде. Жасөспірімдер полиция қызметкерлеріне жақсы таныс. Себебі, бір апта бұрын олар қауіпсіздік камерасында нағыз шоу жасады. Алдымен бұзақылар жақын маңдағы көліктің әйнегін сындырып, камера алдында лезгинка биледі», – делінген хабарламада.
Видео кадрларында полицейлердің жерде қансырап жатқан жас жігітті құтқаруға тырысып баққаны байқалады.
Бірақ облыстық полиция департаментінде бұл деректерді жоққа шығарды.
– Әлеуметтік желіде таралған видео мен оған ілеспе мәтін бір-бірімен байланысты емес. Видеода болған оқиға тіркелген, ол 2023 жылдың 24 қаңтарында Алматыда болған. Ал мәтінде жазылған жағдай 2012 жылы Павлодарда болған. Күдіктілер сотталды, - деді басқармада.
Полицейлер тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті