Ақсулық өрт сөндірушілер тауық пен шошқаларды өрттен шығарды

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 ақпанда Ақсу қаласында Набережная көшесі бойында жеке тұрғын үй аумағында монша мен шаруашылық құрылысының өртенуі орын алды.
Өрт сөндірушілер шақыру орнына келіп, 20 шошқа мен 10 тауықты өрттен құтқарды. Өрт 13 шаршы метр аумақта жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Сол күні Баянауыл ауылы Абай көшесінің бойында автокөліктің жанғаны туралы хабарлама таңғы 07:54-те келіп түсті. Жану толығымен сағат 08:16-да жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.