Павлодар қаласының әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап береді
Тікелей эфирде ұсыныстарды да білдіруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында кезекті тікелей эфир өткізбек.
– Қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізуді жалғастырамын. Өз сұрақтарыңызды қойып, ұсыныстарыңызды білдіре аласыздар, – деді Хасар Хабылбеков.
Қала әкімінің сөзінше, мұндай кері байланыс халықты толғандыратын мәселелерді жедел анықтауға және шешуге көмектеседі.
Тікелей эфир 12 наурызда кешкі сағат 20:00-де басталады.