Баянауыл ауданында түзету орталығына күрделі жөндеуден жасалды

Баянауыл ауданында түзету орталығына күрделі жөндеуден жасалды

Ауданда ерекше балаларға арналған кабинеттің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Балалардың сапалы білім, қажетті жаттығуларын алу үшін барынша қолайлы орын жабдықталған.

Педагогикалық-психологиялық түзету орталығында: психолог, логопед, дефектолог, ЛФК нұсқаушы, монтессори және сенсорлық кабинет бар. 

 - Облыстық білім басқармасымен бірігіп, түзету кабинетінің орны белгіленіп, күрделі жөндеуден өткізілді. Аспанбек Тауалиұлы сынды ағаларымыз демеушілік көрсетті. Демеушілерге ризашылығымды білдіремін,- дейді Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев.

Ерекше білімді қажет ететін балалармен 4 маман жұмыс жасайды. Кабинетте кішкентай сәбиден 18 жасқа дейінгі 33 бала тәрбиеленеді.

Айта кету керек, кабинетке жөндеу жұмыстарын жасап, толығымен жабдықтаған демеушілер -  Аспанбек Тауалиұлы, Жандос Аспанбекұлы және Нұрлан Мұханұлы. Сонымен қатар, бұндай кабинет аудан бойынша жалғыз.