Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне орман өртін сөндіру техникасы табысталды

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне орман өртін сөндіру техникасы табысталды
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бұл заманауи техника өрттің алдын алу мен жедел әрекет ету мүмкіндіктерін арттырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бағдарламаның мақсаты – орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын толық жаңарту, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін күшейту. 

– Аталған бағдарлама аясында «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне жаңа сегіз бірлік орман өртін сөндіру техникасы табысталды, – деді министрлікте.

Бұл техникалар үш тоннаға дейін су тасымалдай алады және жол талғамайтың, өзін өзі сөндіру жүйесімен және қозғалыс барысында сөндіру мүмкіндігімен жабдықталған.