Баянауыл тау-шаңғы кешенінде радиобайланыс жақсартылды

Ол үшін арнайы күшейткіш орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Радиобайланыс инженері Ж. Түсүп және мердігердің көмегімен Мырзашоқы тау-шаңғы кешеніне ұлттық парктің радиобайланысын жақсарту үшін қосымша күшейткіш орнатылды. Сонымен қатар, Жасыбай бөлімшесінің Егіндібұлақ аумағы және Далба бөлімшесінің Мұрынтал, Сарыөлең аймақтарына дейін анық радиобайланыс орнату мүмкіндігіне қол жеткізілді.
– Бұл қауіпті өрт маусымы кезінде мемлекеттің инспектордың бір-біріне дереу және анық ақпарат алмасуына септігін тигізеді, – дейді Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында.
Сондай-ақ орын алуы мүмкін орман өрттеріне жедел жету мақсатында арнайы жабдықталған Jac маркалы бес шағын орман патрульдік автокөлік сатып алынды.
Бұдан бөлек, ұлттық саябақ аумағындағы Жасыбай бөлімшесінінің 103-ші орамындағы 16-шы телімінде екпе ағаштарын отырғызу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 40 га аумақта 176 мың дана екі жылдық қарайғай екпесі отырғызылады. Екпе ағаштарын отырғызу жұмыстарына Жасыбай, Баянауыл, Далба бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары және ұлттық парктің басқа да қызметкерлері қатысуда.