Павлодар театрында «Болмаған балалық шақ» қойылымы көрсетіледі

Павлодар театрында «Болмаған балалық шақ» қойылымы көрсетіледі
Фото: baq.kz

Қойылымының басталуы бүгін, 30 маусым күні сағат 19:00-де, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында тағдыр тауқыметін кешкен бала жүректің балғын арманы жайлы баяндайтын «Болмаған балалық шақ» қойылымы ұсынылады. 

Спектакль Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабының негізінде сахналанды. 

Жетім баланың тағдырынан сыр шертетін автобиографиялық әңгіме желісі көмескі тартқан өткен жылдарды суреттейді. Автор Ақберен Елгезектің қиялындағы ғұмыры, өмірден көрген тауқыметі, арпалысқа түскен бақытсыз күндері бейнеленген. Əкесінен жастайынан айырылған ол анасынан да тірідей айырылып, қоршаған ортадан пана іздеген. Табиғат анамен тілдесе отырып, бүгінгі қоғамның алып тұлғасына айнала білді. Кітапқа жазған балаң шақтағы қияли ойлары талай тағдырластарының өткенін еске алуға септігін тигізді. Осынау өмірде ерте есейіп, бір уыс мейірімге шөлеркеген балалық шағының шытырман оқиғаға толы хикаяттары кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.

Режиссері: Әли Бидахмет.

Спектакльді әсем әуенмен көркемдеген – Сұлтан Тұрсынбеков. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.