Баянауылдық палуандар Семейден жүлделі оралды
Жүлделердің екеуі – алтын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Семей қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері Жасұлан Әбиевті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Бұл жарыста 2007-2008 жылы туған қыздар мен ұлдар өнер көрсетті. Жарысқа облысымыздың намысын «Жасыбай» спорт мектебінің палуандары қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша, Теміртас Файзолла, Гүлназ Сайлау, Индира Жұмкенова, Меруерт Бегимова жүлделі үшінші орынды иеленсе, екінші орын Аделина Маякбаева мен Жанель Бауыржанға бұйырды. Ал үздік атанғандар - Ерасыл Қайыркен мен Аида Сүлейменова.