Биыл Павлодар облысында алпысқа жуық көлік отқа оранды

Биыл Павлодар облысында алпысқа жуық көлік отқа оранды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің негізгі себептеріне – қысқа тұйықталу мен әлсіз жанасу жатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 11 айдың қорытындысы бойынша автокөлік құралдарында 57 өрт тіркелді. Бұл былтырғымен салыстырғанда үш жағдайға көп, яғни 5,5 пайызға өсті. 

– Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері– электр сымдарының қысқа тұйықталуы, әлсіз жанасу салдарынан электр сымдарының шектен тыс қызуы, отын жүйесінің герметикаланбауы, газ баллонды жабдықтың істен шығуы және тағы басқа болып табылады,– деді департаментте. 

Өрт сөндірушілер тұрғындарды автокөлік өртке оранған жағдайда сабырлық сақтауға шақырады және төменгідей шараларды қабылдау ұсынылады:  

– бірден 101 немесе 112 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз;

– автокөліктің клеммаларын ажыратуға тырысыңыз;

– өрт сөндіргішпен өртті сөндіруге тырысыңыз;

– жалынды брезентпен жауып, құммен, борпылдақ топырақпен, ал қыста қармен сөндіру кеңес беріледі;

– өрттің таралуын болдырмау үшін жақын маңдағы көліктерді айналып өтуге тырысыңыз.

Департаментте көлікке сақ болуды сұрайды.