Егін шықтан емес, терден келеді: Павлодар облысында егіс науқаны қарқын алды

Асайын Байханов Железин ауданының фермерлерімен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биыл аудандағы егіс алқабы 208,3 мың гектар құрайды. Соның ішінде: дәнді дақылдар 130,5 мың гектар, майлы дақылдар – 55,4 мың гектар, жемшөп – 20,5 мың гектар. Аудандағы тұқым қоры 23,7 мың тоннаны құрайды, жоспар бойынша 17,1 мың тонна. 5,2 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. Дала жұмыстарын жүргізу үшін 4 045 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді.
Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы – 100%. Ауданда түрлі модификациядағы 500-ден астам трактор бар. Ағымдағы жылы 293 миллион теңгеге 19 бірлік жаңа техника сатып алынды, ал 1 маусымға дейін 1 миллиард теңгеден астам сомаға тағы 26 бірлік техника сатып алу жоспарлануда. «Павлодар» ӘКК және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс жұмыстарына 4,6 миллиард теңге бөлінді.
Әкім фермерлердің көтерген мәселелерін талқылап, науқанның барысымен танысты.
– Егіс жоспар бойынша жүргізілуде, топырақ ылғалды, ауа-райы қолайлы. Кездесу барысында суармалы жерлерді жаппай іске қосу кезінде электр қуатының жетіспеушілігі бар екені белгілі болды. Мемлекеттік органдарға «ПРЭК» АҚ-мен бірлесіп жағдайды талдауды және суармалы егіншілік қарқынды дамып жатқан ауылдық аумақтарға электр қуатын ұлғайту шараларын қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырдым, – деп жазды Асайын Байханов әлеуметтік желіде.
Сапар аясында облыс басшысы аудан бөлімдерінің жетекшілерімен кеңес өткізіп, экономикалық көрсеткіштерге ерекше назар аударды. Аудан әкіміне жағдайды түбегейлі жақсарту жөнінде тапсырма берілді.
Сонымен қатар, Энергетика басқармасына алдағы жылыту маусымына дейін ауылдық жерлердегі қазандықтарға толық аудит жүргізу тапсырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram